Ғылыми кітапханадағы біліктілікті арттыру курстары

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Үздіксіз білім беру институтының қолдауымен ғылыми кітапханада ЖОО  кітапханашыларына 20 қараша  мен 01 желтоқсан аралығында  «Университеттің қазіргі білім беру мен ғылыми-зерттеу ортасындағы кітапхана» тақырыбында біліктілікті арттыру  курсы өтті.

Курсқа ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Астана Медицина Университеті, Astana IT университеті және басқа да оқу орындарының кітапхана қызметкерлері қатысты.

Курс бағдарламасында кітапхананың заманауи даму бағыты, білім беру бағдарламаларын аккредиттеуде кітапханаға қойылатын талаптар, кітапхана ісінің стандарттары, институционалдық репозиторий, наукометриялық платформалардың мүмкіндіктері, медиасауаттылық, құжаттарды каталогтау, ашық ақпараттық ресурстар, инклюзивті білім беру жүйесін қолдау және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.

 

Курсқа қатысушылар алған теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алды.

 

Кітапхана салаларындағы білімдерін тереңдетіп, жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін, сондай-ақ заманауи ақпараттық ортада тиімді жұмыс істеу үшін қажетті ақпараттар алды. Қатысушыларға сауалнама жүргізілді және ұсыныстары мен пікірлерін қалдырды.

Курс соңында кітапхана директоры Бақытжан Оразалиев оларға кәсіби білімдерін арттыру үшін біздің университетті таңдағандарына алғыс айтып, сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.