Менің кітапханам

«Менің кітапханам» жобасының мақсаты кітапхананың қорындағы  кітаптардан ақпарат беру, тарихымызды, әдебиетімізді, мәдениетімізді, тілімізді насихаттай отырып, университетіміздің ғалымдарын таныстыру, студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, авторлардың қолтаңбасымен құнды басылымдар жинақтау.

26 ақпан күні өткен «Менің кітапханам» жобасы аясында өткен жылымызды қорытындылап, арнайы номинациялар бойынша университетіміздің ректоры Сыдықов Ерлан Бәтташұлы алғыс хатпен марапаттады.

Кітапхананың автоматтандырылған жүйесі арқылы ғалымдарымыздың көп оқылған еңбектері іріктеліп алынды: Б.Ж. Смағамбет «Шетелдік әлеуметтану тарихы» оқулығы бойынша, Қ.М. Байтанасова «Әдебиеттануға кіріспе», Б.У. Байхожаева «Стандарттаудағы маркетинг», Қ.Т. Сапаров «Шығыс Қазақстан облысының топонимикасы», М.И. Арпабеков «Көлік логистикасы», С.А. Тулеубаева «Арабистика в Казахстане» және басқа ғалымдарымыз «Көп оқылған кітап» номинациясы бойынша  марапатталды.

Кітапхананың қозғаушы күші – әрине ол біздің оқырмандарымыз. Келесі  «Үздік оқырман» номинациясы бойынша бірқатар оқытушыларымыз  Болатова Г.Ж., Омарова Н.А., Молдашбаева Л.П.,  Амалбекова, М.Б., докторантарымыз Садыкова А.Қ., Турегелдиев Б.У. және басқа да білім алушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Университетке, кітапхананың дамуына үлкен үлес қосып жүрген ұстаз, белгілі ғалым Шапекова Нэля Лукпановна «Алтын карта» табысталды. Бұл карта иегері кітапхана ресурстарын кез келген жерден, кез келген уақытта  пайдалана алады.

Оқырмандарға талмай қызмет етіп жүрген «Үздік кітапханашылар» номинациясымен Бектанова Г. Д., Айтуарова А.Д., Ділдахан М. марапатталды.

Кітапханаға дем беруші – ол кітапхананың жанашылары. Кітапхананың дамуына, ақыл айтып кеңес беріп жүрген «Кітапхана жанашырлары» номинациясымен университетіміздің белгілі ғалымы Серік Негимов, кәсіподақ төрағасы Бәкіжан Сейдеш, «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабеков марапатталды.

Біздің кітапхана өзінің қойнауындағы құнды кітаптарымен маңызды. Кітапханамыздың шамшырағы осы құнды дүниелердің авторлары Амантай Шәріп, Қарлығаш Нуртазина, Бекжан Әбдуалиұлы «Құнды тарту» номинациясымен  марапатталды.

Кітапхана аясында өтіп жатқан,  әртүрлі іс-шараларға белсенді ат салысып жүрген оқырмандарымызда жоқ емес, солардың ішінде «Белсенді оқырман» номинациясы бойынша Жарқынбекова Ш. К, Нухай Т. Н, Сарқытов М. М, Турегелдиев Б.У, Пердешбаев Ж.М. алғыс хаттармен марапатталды.

Дәл осындай белсенділік танытып жүретін «Booken club», «Қазына» клубтарымыз «Белсенді әдеби клуб» номинациясымен марапатталды.

Жақсы кітап жан азығы  және тәрбие құралы. Кітапхана – көркем ойымыздың кепілі. Кітапхана білім алушыны да, ізденуші ғалымды да, біріктіретін мәдени орта. Кітапханадан әрқашанда қол үзбеңіздер!