Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы, ұлттық жазудың реформаторы, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, публицист, қоғам қайраткері, Алаш-Орда үкіметінің мүшесі – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты оқырмандарды Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерімен: «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»; «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»; «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»; «Қазіргі заманғы ахметтану ғылымы» және басқа да ол туралы жазылған зерттеулермен таныстыру. Оқырман қауым, Сіздерді кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз. Көрме кітапхананың бас ғимаратында орналасқан.