Көлік-энергетика факультетінің кітапханадағы күндері

21 ақпан күні Көлік-энергетика факультетінің кітапханадағы күндері өтті.
«Жылуэнергетика», «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандықтары бойынша 100-ден астам жаңа оқулықтарының кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Пәндік кітапханашылар А. Досова, А. Шаяндина, А. Ускенова факультеттің білім алушылары мен оқытушы-ғалымдарына кітапхананың ресурстары мен қызмет көрсету мүмкіндіктерін, Америка бұрышының & MakerSpace техникалық лабораториясының жобаларымен және А.Сейдембек, А.Марғұлан атындағы ғалымдар залымен таныстырды.
Іс-шараға белсенді қатысқан деканның оқу-істері жөніндегі орынбасары З.К. Сансызбаева, «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының меңгерушісі Б.У. Байхожаева, «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру» кафедра меңгерушісі М.И. Арпабеков, профессор Б.Т. Сазамбаева, Е.Т. Абсеитов, Ж.Р. Алипбаев, А.А. Каражанов және басқа да ғалымдар кітапханаға ризалығын білдірсе, кураторлар А. Оразалина, К.К. Куанышбекова, Б.Б. Бектаев, А.С. Даниярова бастап келген ұйымшыл топтың студенттеріне кітапхана тарапынан алғыс білдіреміз!