Ахмет. Ұлт ұстазы

Ғылыми кітапханада 21 ақпанда «Ахмет. Ұлт ұстазы » телесериалының қоюшы-режиссері, сценарист Мұрат Есжанмен кездесу өтті ұйымдастырушылары әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының екінші және үшінші курс студенттерінің кураторы Ахтанова Салтанаттың басшылығымен ғылыми кітапханамен бірлесіп ұйымдастырды.

«Qazaqstan» ұлттық арнасының эфирінде көрсетілген көркем туынды сценарийінің авторы ғалым-ағартушы, ұлттық жазудың реформаторы, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектері туралы, сондай-ақ фильмге дайындық барысындағы шығармашылық ізденістері туралы әңгімеледі.

Мұрат Есжан фильмді түсіру кезінде алған әсерімен, сондай-ақ, А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуде және кинотаспаға сценарий жазуда терең ізденіс жасаған фактілерімен бөлісті.

Кездесуге қатысушылар фильмнің түсірілімі туралы, рөлдерді ойнаған актерлер туралы және фильмнің өзі туралы өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.

Осындай фильмдердің арқасында әлем біздің ұлы қайраткерлеріміз туралы біледі. Әрине, мұндай шығармалар болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен маңызға ие.