Құрметті оқырман қауым! Сіздерді көрнекті әдебиеттанушы ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, академик Серік Қирабаевтың туғанына 95 жылдығына орай қазақ әдебиеті кафедрасы мен ғылыми кітапхана ұйымдастырып отырған «Академиктер Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың мемориалдық кітапханасы: жүйесі, мәні, маңызы» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.
Баяндамашылар қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушылары: модератор – кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент – Қ.Р.Кемеңгер, ҚР ҰҒА, академигі, ф.ғ.д., профессор – Д.Қамзабекұлы, ф.ғ.д., профессор – Р.С.Тұрысбек, ф.ғ.д., профессор – С.Б.Жұмағұл, ф.ғ.к., профессор – Қ.М.Байтанасова, Үйлестіруші: PhD, аға оқытушы – Ж.Т.Кәріпбаев
Уақыты: 24 наурыз, 2022 ж. сағат 15:00
Өтетін орны: Пушкин көшесі, 11, ЕҰУ Ғылыми кітапханасы,
2 қабат – «Ақселеу Сейдімбек залы»