«Өлшеулі өмір» кітабы

Ғылыми кітапхананың қоры жас ақын  Саят Әбеновтың «Өлшеулі өмір» атты  кітабымен толықты.

Бұл кітаптың  тұсаукесер рәсімі «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау» күніне  орай «Кітап – білім бұлағы» атты апталықта  Ұлт руханиятының жанашыры А.Сейдімбектің ғылым залында өтті.

Оқырмандар бұл жинақтан өмір, махаббат, туған жерге деген сезім, ата-ана мен туыс-бауырға арналған өлеңдерімен  таныса алады.