Тарлан түрколог, ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы

19 мамыр Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, түркітанушы ғалым, түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология  ғылымдарының  докторы, Халықаралық Шыңғыс  хан академиясының академигі Қаржаубай Сартқожаұлының 75 жылдығына арналған «Ежелгі және орта ғасырдағы Түркілердің этномәдени сабақтастығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция аясында ғылыми кітапхана «Тарлан түрколог, ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы»атты көрме ұйымдастырды. Конференцияға қатысушылар Қаржаубай Сартқожаұлының түркі мұрасы туралы «Орхон ескерткіштерінің Толық  Атласы» (3том), «Көне түрік жазуының генезисі», «Үйсін  хандығы», «Керейлердің этникалық тарихы», «Көне түрік руна  жазуының генезисі», «Бабатүрік тілінің байырғы мұрасы»,  «Тас кітаптың құпиясы», «Таста қалған тағылым», «Орхон мұралары», «Байырғы түрік жазуының генезисі» атты еңбектерімен танысты. Сондай-ақ көрмеге келушілер назарына белгілі түркітанушы ғалымның ғылыми мақалаларымен конференция материалдары ұсынылды. Бұл еңбектердің барлығы түркологияға, оның ішінде Қазақстан тарихына қосылған қомақты үлес.