Жүрегіңді – әлемге аш

12 – наурыз  Ғылыми кітапханада «Инклюзивті ақпараттық ресурстар орталығы» ұйымдастыруымен «Жүрегіңді – әлемге аш» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кеш қонағы мотиватор, әлеуметтік жобалардың авторы, болашақ бағдарламасының түлегі, саяхатшы Пархат Юсупджанов.

Кездесуге университетіміздің студенттері мен арнайы білім беруді қажет ететін колледж студенттері және Жұмабек Тәшенов атындығы №10 мектеп – гимназиясы жанынан ашылған, арнайы сыныпта оқитын, зағип және нашар көретін оқушылар мен ата-аналар келді. Кездесу барысында кеш қонағы өзінің өмірден алған тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі таңдағы инклюзвті қоғамның қалыптасуына және барлық білім алу ошақтарында инклюзивті білім алу үрдісінің енгізіліп қана қоймай, әрбір мекемелерде техникалық, ақпараттық, ресурстық базалардың құрылуы жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар шетелдік инклюзивті білім беру әдістерімен бөлісті.

Қонаққа студенттер мен ата-аналар сұрақтарын қойып,  көңілдерінен шыққан жауаптарын алды. Пархат Азатович зағип жандар қатарында болғанына қарамастан, 46 мемлекеттен тәжірибелер алмасып, Біріккен ұлттар ұйымына құқық қорғаушы еріктілер қатарына қосылып, әрбір өскелең ұрпақтың болашағы жарқын болуына үлес қосып жүрген жандардың бірі.