Кітап жансыз, бірақ шынайы дос

Ғылыми кітапханада ЕҰУ-нің ғалымдарының 2023 жылы жарыққа шыққан еңбектеріне арналған «Кітап жансыз, бірақ шынайы дос» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге экономика саласынан  С.Б. Мақыштың, «Экономиканы ақша-несиелік реттеу», «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі», Г.Қ.Абдрахманованың «Экологиялық туризм», Б.А. Алибекованың «Государственный аудит в сфере информационных технологий», құқық саласынан «Сборник ситуационных задач по уголовно-процессуальному праву Республики Казахстан: вопросы доказательственного права» жинағы, Қ.Ж. Балтабаев, А.Ә. Биебаеваның редакторлығымен шыққан «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы» оқулығы, сонымен қатар техника, өнер, жаратылыстану және спорт салаларынан қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

Кітаппен шынайы дос болсаң, ой-өрісің, дүниетанымың кеңейіп, сөйлеу мәдениетің жоғарылап, көкірек көзің ашылады. Сондай-ақ, рухани жан дүниең байып, оның құпиясын ашасың, ғажабын танисың.