Қазақ халқының қонақжайлылық әдеп негіздері

Мемлекет басшысы елдің жаңаруы  Наурыз мерекесін жаңа форматта тойлауды жариялады. Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға бағытталған. Наурызнама онкүндігі аясында 14 наурыз күні ғылыми кітапхананың әлеуметтік-экономикалық оқу залында туризм кафедрасының PhD докторы, доцент А.Т.Тлеубаеваның   қатысуымен «Қазақ халқының қонақжайлылық әдеп негіздері» тақырыбында танымдық кеш өтті.

Оқырмандарымызға халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғысы, ұлттық ұстанымдары мен қонақжайлылық әдебін насихаттау мақсатында өткізілген іс-шарада халық жадында сақталып, әлі желісін үзбеген «Қымызмұрындық», «Соғым басы», «Наурыз мейрамы» сынды ғұрыптар туралы дәріс оқылды.

Шара аясында «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға университетіміздің студенттері және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кеш соңында оқырмандарымызға арнайы  жайылған дастарханнан дәм татып, наурыз көже ұсынылды.