Сөйле, сырлы сахна!

Ғылыми кітапханада «Сөйле, сырлы сахна!» атты әнші, актер, ақын, драматург дәстүрлі ән байқауының жүлдегері Қанат Жүнісовтің шығармашылығына арналған әдеби сазды кеш өтті. Ақын қазақ эстрадасындағы «Бәйтерек», «Аламан», «Формат»   топтарымен бірге, Маржан Арапбаева, Айгүл Иманбаева, Дос сынды көптеген танымал әншілердің репертуарларындағы белгілі әндердің сөзін жазған. Сонымен қатар, «Біржан сал» көркем фильмінде сал-серінің, «Мағжан» мен «Жамбыл» көркем фильмінде Сәкеннің ролін сомдаған танымал актер.

Әдеби кештің шымылдығын  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құмарбек Қалқатаев «Біржанның монологын» оқып ашса, журналистика және саясаттану факультетінің студенттері Г.Серік, Қ.Сапарбек, М.Октябрь ақынның шығармашылығынан үзінді оқып, сөзіне жазылған әндерді Ерлан Малаев және Қайрат Баекенов жиналған қауымға жақсы көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында қонақтармен естелікке суретке түсті.