Ағылшын тілін оқытудағы жаңа тәсілдер

Сәуір айының тоғызы «Booken club» оқырмандар клубы және жастар рухы ақпараттық технологиялар факультетінің ұйымдастыруымен белгілі ағылшын тілі маманы, тілді табиғи тәсілмен үйрену методикасының авторы, «Жігер ТВ» жобасының жетекшісі Ердос Рыскелді және Аустралиялық ағылшын тілі мұғалімі Anthony Cuschieri қонақта болды.


Кездесу барысында спикерлер өздерінің тіл үйренудегі әртүрлі тәсілдермен, тілді қабылдаудағы ескеру керек маңызды қағидаларды бөлісе отырып, тілдің күнделікті өмірдегі қолданысын, ағылшын тілін үйренуді дамытатын пайдалы видео-контенттерді ұсынды.

Сонымен қатар шет елдегі бастан кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісті.