Құрметті студенттер!

Сіздерді «Бейнелеу өнеріндегі Қастеев қазыналары» атты сурет байқауына қатысуға шақырамыз.

Қазақстандағы бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сурет байқауының шарттары:

  • Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы бойынша сурет салады.
  • Жұмыстарыңызға толық аты-жөніңізді, факультет, курс және байланыс телефонын және суреттің атауын көрсету керек.
  • Үздік жұмыстар көрмеге қойылып, кәсіби әділқазылар алқасы әр номинация бойынша ең үздік суреттердің жеңімпазын анықтайтын болады.
  • Суреттер осы жылдың 18-сәуіріне дейін, А3 форматында ғылыми кітапхананың 107 кабинетінде қабылданады (А. Пушкин көшесі, 11).

Өзіңіздің талантыңызбен және шығармашылығыңызбен бөлісіңіз!

Жұмыстарыңызды күтеміз!

Ақпарат алу үшін

Ділдақан Майра

Тел.: 709-500 (36205)