АМЕРИКА БҰРЫШЫНЫҢ Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ-ДЕ ӨТКЕН «MOVABLE SPACE» БАҒДАРЛАМАСЫ

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасында орналасқан Америка бұрышы өзінің қызметтері мен деректері жайында ақпарат беру мақсатында 14 қараша-3 желтоқсан аралығында университеттің оқу ғимараттарында көшпелі ақпараттық сессия жүргізді. Аталмыш бағдарлама аясында American Corner, EducationUSA қызметтері туралы ақпарат беру, Maker Space алаңының ресурстарымен таныстыру, халықаралық тесттер дайындығына арналған кітаптардың көрмесі, Америка бұрышының еріктілерімен Spelling Bee және Quiz ойындарын ойнау көзделді.

            Анықтама: Америка бұрышы- Америкалық кітапхана форматындағы қонақжай және жылы шырайлы ақпараттық орталықтар. Қазақстандық кітапханалар негізінде орналасқан Америка бұрыштарында жоғары сапалы ағылшын тілін оқуға арналған материалдары, пікірталас клубтары, АҚШ-та оқу мүмкіндері туралы ақпараттар, АҚШ-тан келген деректер қоры, кітаптар, фильмдер мен ойындар қолжетімді, сонымен қатар робототехника саласында қажетті ресурстарды да табуға болады. Америка бұрыштары дүйім жұртқа ашық және тегін.

            Қарашаның 14 жұлдызында университеттің бас ғимаратында басталған шара студенттер мен оқытушылар құрамы арасында үлкен қызығушылық туғызды. Әр ғимараттың бірінші қабатының фойесінде орналасқан құрылым Америка бұрышының қызметері турасында ақпарат алуға ынталы жұртқа қолжетімді болды.

            Жалпы  іс-шара аясында студенттер, оқытушылар мен қызметкерледі қосқанда 1500-ға жуық адам Америка бұрышы мен EducationUSA орталығы жөнінде толық ақпарат алды.

            Ал біз ақпараттық мәдени American Corner and Maker Space Astana орталығының есігі 16 жасқа толған Астана тұрғындары мен қонақтарының барлығына айқара ашық екенін ескерте кеткіміз келеді.

 

American Corner and Maker Space Astana

Пушкин к.11, 3 қабат

8 (717) 2709500 (ішкі 36307)

Электронды пошта адресі: astana@amcorners.kz

www.amcorners.kz

Fb: https://www.facebook.com/AstanaAmericanCorner/