КІТАПХАНАШЫЛАР ЕЛБАСЫНЫҢ ҮНДЕУІН ТАЛҚЫЛАУДА

Кеше Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының жалпы жиналысында Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі кеңінен талқыланды.

Отырысты ашқан ғылыми кітапхана директоры Б.Оразалиев еліміздің ертеңі үшін Үндеудің маңы­зы зор екенін айтып:

«Елбасы ұсынған жаңа бағыт мемлекеттігімізді одан әрі нығайтуға және биліктің барлық тармақ­тарының жауапкершілігін күшейтуге арналғандығын сөз етті. Кітапхана директоры бұл жұмысқа барлық кітапханашылардың атсалысуы тиіс екенін айтып, Елбасы ұсынған саяси реформаларға қа­тысты талқылау жұмыс­тарын және басқа да іс-шаралар жүргізуге тапсырма берді.

 Сонымен қатар ғылыми-әдістемелік бөлімінің бас маманы Г.Байниязова өзінің баяндамасында Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беру, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету сияқты негізгі  екі бағыттарына тоқталды.

  Жиын соңында кітапхана қызметкерлері Елбасы ұсынған мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі жос­парға қолдау білдірді. Үндеуді зор сеніммен және үлкен үмітпен қабылдап, университеттің оқытушылары мен студенттеріне ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуде аянбай еңбек етеді.