ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ АПТАЛЫҒЫ

2017 жылдың 13-17 ақпан аралығында «Білім беру бағдарламаларын іске асырудың заманауи тенденциялары» әдістемелік онкүндігіне орай ғылыми кітапхана тарапынан «ЕҰУ ғалымдарының еңбектері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жылжымалы кітап көрмесі университеттің барлық оқу ғимараттарында қойылды.

 Көрмеге оқу процесіне қажетті профессор-оқытушылар құрамының соңғы 5-10 жылдағы басылып шыққан барлығы 2000-нан аса оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттері, сонымен қатар жаңа түскен басылымдар мен кафедралардың ұсынысымен алынып отырған мерзімді басылымдар қойылды. Кітап көрмесімен танысуға 3000-нан аса оқытушылар мен магистранттар, студенттер келді.

Көрме барысында кітапхананың ресурстары мен қызметтерін пайдалану туралы «Кітапханашыға сұрақ» айдары бойынша кеңестер берілді. Электронды каталогты қолдану мен кітапханадағы қолжетімді электронды деректер базасы бойынша және кітапхананың веб-сайты туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар ғылыми кітапхана және электронды ресурстар туралы буклеттер таратылды. Осы кітап көрме аясында оқытушылар құрамы мен студенттер өздеріне қажетті көптеген мәліметтер мен ақпараттар алды.

Ақпараттық апталықты ұйымдастыруға және өткізуге 33 кітапханашы қатысып, пәндік кітапханашылар кафедралармен тығыз жұмыс жасады.