Бірінші курс студенттеріне арналған тренингтер сериясы

Ғылыми кітапханада Жаратылыстану ғылымдары факультетінің “Биотехнология” кафедрасының 1 курс студенттеріне арналған «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жазылу жинақтары» сериясынан кезекті тренинг өтті. Студенттер жазылымдағы лицензиялық деректер базасының мазмұнымен, олардың функционалдық мүмкіндіктерімен танысты. Іс-шара барысында студенттер спикерлермен бірге өз тақырыптары бойынша басылымдарды іздестіріп, қажетті әдебиеттерге таңдау жасады. 24/7 форматында әртүрлі пайдаланушы мүмкіндіктері бар толық мәтінді контентке қол жеткізу қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.