«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ С.ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ РОМАНЫН ТАЛҚЫЛАУ

2017 жылдың 17 қарашасында ғылыми кітапхананың филология оқу залында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» кітабы талқыланды. Талқылау екі топқа бөлінген қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттерінің арасындағы пікір-сайысы ретінде өтті. Шарада студенттер ақынның өмірі мен шығармашылығы, «Қамар сұлу» романын баяндаумен қатар, жүргізуші мен екі топ арасындағы бір-біріне қойған сұрақ-жауап викторинасы ретінде өткізді. Студенттер «Қамар сұлу» романында бейнеленген махаббат тарихы трагедиясы, сүймеген адамына ұзатылып, зар жылаған қыздың тойындағы сый- сияпат пен ет аңдыған адамдар бейнесін, әйелдер тағдырын, адамдық құндылығын ескермеген қоғамдағы түрлі әлеуметтік күштердің осы проблемаға қарым-қатынасын баяндады.

Шараның соңында сөз филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрысбек Рахымжан Сағымбекұлына берілді. Профессор өткен шараны жоғары бағалап, студенттердің қазақ әдебиетіне қызығушылығын ерекше бағалады. Қатысушыларға сыйлық ретінде кітаптар беріліп, естелік фото жасалды.