ҚАЗАН ФЕДЕРАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ

2017 жылдың 28-30 қарашасы аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының мамандары «Әлемдік ақпараттық кеңістіктегі университет кітапханасы» атты II халықаралық конференцияға қатысты. Конференция Қазан федералды университетінің Н.И.Лобачевский атындағы ғылыми кітапханасының базасында өтті (Қазан қ., Ресей). Іс-шара ұлы математиктың туғанына 225 жыл толуына орай ҚФУ-да «Лобачевский жылы» аясында өткізілді. Талқылаулардың басым тақырыптары: кітапханалардың білім беру және зерттеу жұмыстарының интеграциясы, ғылым және білім беру үдерісінің ресурстық және ақпараттық қамтамасыз етілуі, ақпарат өндірушілер мен пайдаланушылар арасындағы өзара әрекеттестіктің қазіргі заманғы үрдістері, университет ғалымдарының баспа қызметі мен пайдаланушылардың ақпараттық сауаттылығын көтерудегі кітапхана рөлі. Конференцияға Ресей мен Қазақстанның университет кітапханаларының жетекшілері мен мамандары, баспа және ақпараттық компаниялардың өкілдері қатысты. Конференция қатысушылары «Ғылыми өлшем, басылым белсенділігі мен пайдаланушылардың ақпараттық құзыреттілігі», «Ғылым және білім беру процесінің ресурстық және ақпараттық қамтамасыз етілуі: өндірушілер мен қолданушылар арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесі», «Университет кітапханасы: бүгінгі күн», «Кітапхана және қорлар: тарих, сақтау, зерттеу» секцияларының жұмысына қатысуды таңдауға мүмкіндік алды. Бұдан басқа, «CambridgeUniversityPress», ИНФРА-М және ClarivateAnalytics компаниясы ұйымдастырған тренингтер мен семинарларға қатысу мүмкіндігі болды. Конференция кітапхана қызметінің ағымдағы бағыттарда кәсіби құзыреттілігін арттыруға, кәсіби байланыстар орнатуға және Қазан университет кітапханаларының инновациялық тәжірибесі туралы көбірек білуге мүмкіндік берді. Баяндама презентацияларын https://kpfu.ru/library/konferenciya-2017/prezentacii-dokladov сайтынан алуға болады.