БАТЫР БАУЫРЖАН – РУХ ПЕН НАМЫС ТӨРЕСІ

Қарашаның 28 күні Ғылыми кітапхананың филология оқу залында «Бір ел– бір кітап» акциясы аясында таңдап алынған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя»  кітабы талқыланды. Шараның мақсаты оқу мәдениетін дамыту, жастарға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру. Оқырмандарға аты аңызға айналған қазақтың біртуар ұлы – Бауыржан Момышұлының қайсарлығын, қарапайымдылығын және даналығын, өнегелі өмір  жолы мен шығармашылығын дәріптеу.

Шара барысында «Бауыржан Момышұлының ұшқан ұясы» атты бейнеролик және «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мультиймедиалық ертегісі көрсетіліп,  шығармашылығы туралы «Дара тұлғалардан қалған асыл мұра» атты кітап көрмесі қойылды. Оқырмандармен Б. Момышұлының нақыл сөздерінен «Батырдың дана қаламы» – атты әдеби ойын өткізілді.    Ойын барысында ФҚТ – 13 тобының студенттері Қ.Нөсер, Ә.Бекмұханбетов , М. Қабидоллин, А. Бәшкен тапқырлықтарымен, белсенділіктерімен көзге түсті.

Оқу залының бас маманы С. Керімбаева  халық қаhарманы  Б. Момышұлының әскери дарындылығын, шығармашылық еңбектерін баяндап, оқу залының маманы Н.Омарова Б.Момышұлының жастық шағындағы қызықты оқиғаларын әңгімеледі.