ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАМЕН ТАНЫСУ!

Бейімделу апталығы аясында бірінші курс студенттері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ғылыми кітапханасымен танысты. Кітапхана қызметкерлері оқу процесіне көмектесетін кітапхана ресурстары мен қызметтері туралы баяндама жасады. Студенттер кітапхананың абонементтері мен оқу залдарын пайдалану ережелерімен танысып, электронды каталог пен деректер қорынан ақпараттарды іздеуге қатысты кеңестер алды.