«ЛЕВ ГУМИЛЕВ – ҒАСЫР ЖҰЛДЫЗЫ»

Ғылыми кітапхананың әмбебап әдебиеттер оқу залының ұйымдастыруымен Евразия ұлттық университетінің оқу ғимаратының жанында орналасқан Л.Н. Гумилев ескерткіші алдында «Лев Гумилев – ғасыр жұлдызы» атты танымдық сағаты өтті.     Мақсаты әлемге танымал түркітанушы – ғалымкөрнекті тарихшы, ақын Л.Н.Гумилев мұрасын оқырман қауымға таныстыру болатын. Мәдени шараның қызықты өтуіне филология факультетінің оқытушылары Дюсенгалиева А.А.,М.Е. Жапанова және ақпараттық технологиялар факультетінің АЖ-19 және АЖ-13 топтарының студенттері белсене қатысып атсалысты. Шараға қатысушылар ғалымның өмірі мен еңбек жолына тоқтала отырып, өздеріне ұнаған ақын өлеңдерін шабыттана оқыды. Ақпараттық технологиялар факультетінің ақпараттық қауіпсіздік жүйесі тобы және экономика факультетінің мемлекеттік басқару тобының   студенттері ақын шығармашылығына арналған викториналық ойынға қатысып өз белсенділіктерін көрсетті.

Күздің осындай мамыражай күнінде ұйымдастырылған мағыналы да, мәнді шара оқырмандарымызбен қызықты өтті.