КІТАПХАНАШЫҒА СҰРАҚ

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасы  Студенттер үйлерінде  дәстүрлі «Кітапханашыға сұрақ» апталық шарасын биылғы жылдың  7-14 қазан   аралығында өткізді. Осы шараның мақсаты университет білім алушыларына ғылыми кітапхананың көрсететін қызметтері жайлы барынша ақпараттар беру.

Ақпараттық мазмұндағы слайд-дәрістерімен қатар, кітапхананың жалпы оқу-әдістемелік мен ғылыми басылымдары және мерзімді басылымдары, диссертациялық оқу залдарында қамтылған басылымдар мен олардың мазмұны жайлы мәліметтер айтылды. Осы сала бойынша ақпараттық-библиография бөлімінің мамандары З.Жолдасбекова мен Э.Оразова,  кітапхананың заманауи электронды қорлар базасының мүмкіндіктері мен оларды пайдалану, жұмыс жасау машықтарына байланысты А.Айтуарова, Т.Телибаева мен А.М.Аржанова ақпарат берді. Кітапхананың «American Corner and Maker Space Astana» ақпарат орталығының қызметкерлері С.Тулешева мен А.Айжарикова осы бұрышта өткізілетін шаралар мен көрсетілетін ақпараттық қызметтері жайлы түсінік берді.

Әр саланың мамандарының дәрістерінен соң білім алушылар кітапханашыларға, өздерінің қызығушылығын туғызған тақырыптар мен қызметтер жайлы сұрақтар қойып, толыққанды жауаптарын алып отырды. Шара әсіресе бірінші курс білім алушыларының білім алу үрдісіне жылдам бейімделуіне, заманауи тәжірибелерін игеруге, кітапхана мен оқу ісінің арасындағы ынтымақтастыққа ұол жеткізуге зор мүмкіншіліктер беруде.