ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАСТЕР-КЛАСС

Ағымдағы жылдың 26 ​​және 27 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылыми кітапханасында орналасқан Америка бұрышының базасында «Зерттеушілерге арналған цифрлық сауаттылық» тақырыбында екі күндік мастер класс өтті. Іс-шараның серіктестері Назарбаев Университетінің кітапханасы және Жас Ғалымдар Альянсы болды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, Астана медициналық университетінде және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқитын 20 жас зерттеуші-қатысушылар ғылыми-зерттеу саласында қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болды. Бірінші күнгі бағдарламада Назарбаев Университеті кітапханасының мамандары Джозеф Яп, Дарья Звонарева және Анар Даутовалар зерттеуге қажет электрондық мәліметтер базасына шолу жасады, ғылыми сенімді ақпаратты іздеу және таңдау бойынша пайдалы ұсыныстар берді. Сондай-ақ, ғылыми ақпаратты бағалау дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Практикалық тапсырмалар орындауда алынған теориялық білімді қолданды. Осылайша, әрбір қатысушы қажетті ақпаратты іздеуге мүмкіндік алды. Екінші күні Жас Ғалымдар Альянсының қызметкерлері Лаура Қарабасова, Асия Ермұхамбетова және Анар Молкенова болды. Спикерлер ғылыми еңбектер жазу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын сауатты жүргізу тәжірибесімен бөлісті, яғни неден бастау керек, қандай әдістерді қолдану керек. Мастер-класс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Шақырылған спикерлердің кәсібилігін жоғары бағалаған барлық қатысушылардың болашақта осындай семинарларға қатысуға ниет білдіруі өте маңызды болды.