Оқырмандар назарына!

Ғылыми кітапхананың 2 қабатында – Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «АБАЙ – ҰЛЫ АҚЫН, ДАНА ОЙШЫЛ» атты тұрақты кітап көрмесін ұйымдастырды.

 Көрме мынадай бөлімдерден тұрады«Сирек қолжазбалардағы – Абай мұрасы», «Сирек басылымдардағы – Абай мұрасы», «Абай  әлем тілдерінде», «Алғашқы абайтанушылар», «Абайтанудың арналары», «Абай және М. Әуезов әлемі», «Абай туралы ғылыми еңбектер», «Абай және музыка», «Абайтану оқулықтары».

Ұлы Абай мұрасы мен ғылыми зерттеулерді, оқулықтар мен басқа да басылымдарды ғылыми кітапханадан алып оқуға болады.

Қош келдіңіздер!