Ғылыми деректер базасын пайдалану тренингі

Аға оқытушы Е.М.Абеновтың жетекшілігімен  экономика факультетінің студенттері оқу-зертханалық ғимараттағы электрондық ресурстар залында өткен тренингке қатысты. Студенттерге кітапхананың электрондық ресурстары, толықмәтінді деректер базасы және басқа да ақпарттық мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді. Студенттер электрондық деректер базасына тіркеліп, ақпаратты іздеу, жүктеу, т.б. әртүрлі жолдарын меңгерді. Тренингке қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алып, кітапхана қызметкерлеріне үлкен ризашылықтарын білдірді.