«КІТАПТЫ СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН СЫЙЛА!» АКЦИЯСЫ

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ колледж кітапханасының оқу залында  ерекше білім беруді қажет ететін 1 курс (1Web-522 тобы) студенттеріне  «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйла!» акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге қолдау көрсету, кітап оқуға деген қызығушылықтары мен құштарлығын арттыру, рухани құндылықтармен таныстыру.

Іс-шараның барысында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының инклюзивті ақпараттық ресурстар орталығының үйлестірушісі Нұржанова Оксана студенттерге ақпараттық қолдау және ақпараттық-кітапхана ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, көру қабілеті бұзылған студенттерге Брайль қарпіндегі кітаптарды, әртүрлі саладағы кең медиатеканы және арнайы қызметі бар мобильді қосымшалары бар электронды ресурстар жайында ақпарат берді.

Акция соңында студенттер «Рухани жаңғыру» кітап көрмесінің басылымдарымен танысты. Көрмеге қазақ тіліндегі 77 аталым әлемдік ғылыми әдебиеттер қойылды. Көрмеге қойылған оқулықтар қазірдің өзінде оқу үдерісінде белсенді түрде қолданылуда.

Акцияға қатысқан барлық студенттерге Абайдың «Қара сөздері» кітабы сыйға берілді. Кітапхана «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйла!» акциясына қосылуға шақырады.