Тұлға тағылымы

Ғылыми кітапханада Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына орай «Тұлға тағылымы» атты әдеби жыр кеші өтті. Оқырмандарымыздың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген бұл шараға филология, журналистика және саясатану факультеттерінің студенттері Арман Жәкейхан, Ақбота Белдеуханқызы, Жанболат Маратұлы, Абзал Мақыш, Шалқар Есболатұлы, Гүлдара Ахметкереева қатысып ақын өлеңдерін толғана оқыды.

Сонымен қатар кеш қонағы «Сауран club» балаларды дамыту орталығының жетекшісі Жайлауқан Окасов оқушыларымен қатысып, парасат пен лирикаға, тәрбиеге, рухқа толы ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, жырдан шашу шашты. Кеш барысында ақынның «Соғыстан қайтқан солдаттар» әні  орындалды. Филология факультетінің студенті Абзал Мақыш, Тоқтарбек Рахметбекұлы «Көніл толқыны», «Сайра, бұлбұл», «Теріскей» күйлерін  шертіп көпшілікті бір толғантты.

Ғылыми  кітапхананың әдіскері Асия Насырқызы «Сауран club» балаларды дамыту орталығынан келген оқушыларды кітапханамен  таныстырды.

Шара соныңда ғылыми кітапхана директорының орынбасары Жанар Бекайдарқызы С. Мәуленовтың «Бала  марал» өленің үлкен шабытпен, мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар кешке қатысушыларға жылы лебізін айтып, алғысын білдірді.