Ел аңсаған – Тәуелсіздік

14 желтоқсан күні ғылыми кітапханада ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін, өшпес рухын, тарихи құндылығын сипаттайтын   әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға атсалысқан университет студенттері А.Жарбосынова, М. Илесбекова,  М.Ғалымжанұлы ақындардың «Желтоқсан», «Тәуелсіздік» тақырыбында жазған өлеңдерін оқыды. Жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенті А.Едгаралиева «Тәуелсіздігім» деп өз шығармашылығын арнаса, филология факультетінің студенті Жакейхан Арманбек қазақтың қасиетті қара домбырасымен сол жылдардың тарихи көріністерін жеткізетін Әбиірбек Тінәлінің сөзіне жазылған Әбдірахман Асылбековтің «Желтоқсан желі» әнін нақышына келтіріп тебіріне орындады.

Тәуел­сіздігіміздің дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуын, сондай-ақ еліміздің жеткен же­тіс­тік­тері мен толағай табыстарын баяндайтын «Ел аңсаған – Тәуелсіздік» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кеш соңында ғылыми кітапхана директоры Б.Оразалиев желтоқсан мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған «Кітапхана тынысы» тақырыбындағы үздік бейнеролик дайындаған студенттерді марапаттап, шығармашылық табыстар тіледі.