Сыйға берілген кітаптар

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла» акциясы аясында «Фолиант» баспасы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасына ғылыми және көркем әдеби басылымдар сыйға тартты. «Фолиант» – бүгінде Орталық Азия өңірінде кітап өнімдерін шығаратын жетекші баспалардың бірі, Оқырмандар арасында көп сұралатын жеке авторлардың кітаптары, сериялық басылымдар және танымдық энциклопедиялар бар. «Фолиант» баспасының басшылығы мен ұжымына ғылыми кітапхананың атынан алғысымызды білдіреміз!