Жасампаз жастар – жарқын болашақ

Бүгін ғылыми кітапханада журналистика және саясаттану факультетінің түлегі, «Имиджелогия» және «Сұлулықтың кұпиясы» атты кітаптардың авторы, блогер-қаржыгер Перизат Бауыржанқызымен кездесу болып өтті.
Кеш қонағы қатысушыларға өзінің қазіргі білімді жастардың жаңашылдыққа, ақпараттық сауаттылыққа талпынысы туралы ой-пікірін, көзқарасын білдірді. Өз тәжірибесінен жетістікке жету жолдарынан қаржылық сауаттылық туралы мағлұматтар берді. Қызығушылық танытқан тыңдармандар тарапынан қойылған «Қаржылық сауаттылық неден басталады?», «Сауаттылықтың кәсібі салаға әсері қандай?», «Алғашқы бизнесті неден бастауға болады?» деген сияқты көптеген сауалдарға жауап берді.