Құрметті оқырман!

Сәуір айында өткен Eurasian Book Fair VI Халықаралық кітап көрмесінен кітапхана қорын толықтыру мақсатында кітапханамыздың директоры Оразалиев Бақытжан “Кітапханашыдан кітапханаға 100 кітап” құнды тарту акциясын ұйымдастырды. Оқырманның талап тілектерін әбден зерттеп алған кітапханашылар акцияға белсене қатысып, кітапхана қорына ең көп оқылатын кітаптарды (148 мың теңге сатып алып) сыйға тартты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханалардың қазіргі қоғамдағы орнын нақты көрсете отырып, «бүгінгі заманда кітапсыз және кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды» дегендей, кітапхананың маңыздылығы оның қорындағы кітаптардың сапасы мен құндылығында.
Сондықтан кітап пен оқырман арасында алтын көпір болып жүрген кітапханашыларымыздың еңбегі мен пейілінің кең екендігін осы акция тағы бір дәлелдеді.