Ғылыми кітапхананың ақпараттық қызметімен танысу

4-8 қыркүйек аралығында Университет құрылым басшыларының бірінші курс студенттерімен кездесу декадасы өтті.

Іс-шара аясында студенттер кітапхананың құрылымы, бөлімдері, көрсетілетін қызмет түрлері, жұмыс уақыты, кітапхана сайты, электронды каталог, деректер қоры туралы таныстырылды.

Арнайы білім беруді қажет ететін білім алушыларға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында инклюзивтік ақпараттық-ресурстық орталықтың мүмкіндіктері жайлы айтылды.

Білім алушылар үшін «American Corner and Maker Spase» ақпараттық ресурстар орталығының мүкіндіктері мен арнайы жобалары айтылды. Мұнда ағылшын тілін жетілдіру клубтары, техникалық құралдармен жұмыс жасау үшін зертхана аймағы жайында ақпарат берілді.