Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ғылыми  кітапханада жыл сайын дәстүрлі түрде «Кітап білім бұлағы» атты кітап апталығы  өткізіледі. «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты танымдық кеш өтті. Кешті университетіміздің «Қазына» клубы, «Жастар рухы» жастар қанаты студенттері мен ғылыми кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырды.

Әдеби кешке арнайы шақырылған қонағымыз, балалар жазушысы Толымбек Әбідрайым Б. Соқпақбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып, балалар әдебиеті жайлы өз ойымен бөлісті.

«Менің атым Қожа» киносынан үзінді қойылып, қызықты интеллектуалды ойындармен жалғасты.

Кеш соңында оқырмандар «Балалар әдебиеті – көркем әдебиеттің ауқымды  бөлігі» атты кітап көрмесін тамашалап, естелікке суретке түсті.