ГИПЕРРЕАЛИСТ МҮСІНШІМЕН КЕЗДЕСУ

Апталық аясында 17 сәуір күні «Құпия мамандық иесі» атты кездесу танымал мүсінші Айдос Есмағамбетовпен өтті. Іс-шараға сәулет-құрылыс факультетінің дизайн мамандығының студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Айдос Қазақстандағы танымал тұлғалардың шынайы мүсінін жасайтын алғашқы гиперреалист мүсінші. Ол қазіргі таңда Абай Құнанбайұлы, Абылай хан, Жамбыл Жабаев, Болған ана, Роза Бағланова, Сағадат Нұрмағамбетов және тағы басқа қайраткерлердің мүсіндерін жасаған. Оның арманы – Қазақстандағы мүсін мұражайы мен мектептерін ашу. Кездесу барысында мүсін өнеріне қалай келгені туралы айтып, өзінің жұмыс кезіндегі сәттерімен, құпия мамандығының қыр-сырымен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, құпия кәсібінің біраз сырларын ашты. Іс-шараның модераторы «Booken club» жетекшісі Ділдақан Майра болды.

Мүсінші Айдос Есмағамбетовтің шеберханасы және жұмыс істеп жатқан сәттерінен бейнероликтер де көрсетілді. Бұл іс-шарадан алынған жаңа идеялар мен тәжірибе көптеген болашақ суретшілер мен дизайнерлер үшін шабыт көзі болатыны сөзсіз.