Ән кемеңгері – Кенен Әзірбаев

18-сәуір күні Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында қазақтың талантты тұлғасы, ақын, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар және Композиторлар Одағының мүшесі Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай «Ән кемеңгері – Кенен Әзірбаев» атты  әдеби кеш өтті.

Осы шараға Кенен Әзірбаевтың ұрпағы арнайы келіп қатысты. Ақынның өмірі мен шығармашылығына ұлы Бақытжан Кененұлы, келіні Бақытжан Сағынбекқызы мен немересі Мұхтар Әзірбаев терең тоқталып, естеліктер айтты. Дәстүрлі әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков пен халықаралық конкурстың лауреаты  Ержан Максимның орындауында Кенен атамыздың бірнеше әндері орындалып, оқырмандарды тәнті етті.

Кездесу кеші барысында «Ән кемеңгері – Кенен» атты кітап көрмесі таныстырылып, ақынның өмірі жайлы видео шолу көрсетілді.

Шара соңында ғылыми  кітапхана директоры Б.Ә.Оразалиев кеш қонақтарына  бүгінгі кештен алған әсерін, жылы лебізін  білдірді.