Білім жолындағы сабырлық

18 сәуір ЕҰУ ғылыми кітапханасында “Кітап – білім бұлағы” атты апталық аясында  “Білім жолындағы сабырлық: білім алушыларға арналған өзін-өзі реттеу әдістері” тақырыбында, психологиялық қолдау орталығының мамандарымен бірге студенттерге психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингтің негізгі мақсаты – білім алушылардың  көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, тұлғаны тануға, дамуына, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.  Іс-шараға әр факультет студенттері қатысты. Топтық жұмыстың белсенді әдісіне негізделе отырып ұйымдастырылған тренинг қатысушылардың көңілінен шығып, мамандарға және ұйымдастырушы кітапханшыларға алған әсері мен ризашылығын білдірді.