«Жоғары оқу орындарының кітапханасының қазіргі әлемдік даму тенденциялары: Қазіргі кітапхана – ЖОО-ның ақпараттық – кітапханалық қызмет көрсету сапасының кепілі» ХІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Жоғары оқу орындарының кітапханасының қазіргі әлемдік даму тенденциялары» атты ХІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция биылғы жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдығына орай 25-26 сәуір күндері Алматы қаласында өтті.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Университет кітапханаларының қауымдастығының  қолдауымен өткен бұл конференцияның бірінші күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өтсе, екінші күні С. Демирель атындағы университетте өтті. Конференция барысында заманауи университет кітапханасы және жоғары білім мен ғылымды ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз етудің даму тенденциялары, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етудің бағдарламалық-техникалық шешімдері және ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасын бағалаудың заманауи әдістері талқыланды.

Қазіргі кітапхана кадрларының мәселелері мен болашағы туралы және кітапханашылардың кәсіби дағдылары мен білімдерін үнемі жетілдіру қажеттігі туралы талқыланды. Халықаралық конференцияға 157 адам, оның ішінде алыс және жақын шетелдерден (АҚШ, Сингапур, Швейцария, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан) 28 мамандар қатысты. Конференция соңында қатысушылардың ұсыныстарын талқылап, сертификаттар табысталды.