Wiley Researcher Academy Online онлайн оқыту платформасы

   Құрметті пайдаланушылар! Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жазылымынан Wiley Researcher Academy Online онлайн оқыту платформасы қолжетімді. Р Ресурс ғылыми мақалаларды жариялау процесі туралы білімді жақсартуға көмек көрсету мақсатында зерттеушілер үшін арналған. 

   Платформада жариялау процесінің әртүрлі аспектілерін қарастыратын 15 онлайн курс бар. Курстар бірнеше санаттарға бөлінген: зерттеушінің мансабы, қолжазбаларды жазу және ұсыну, басылымдардың жетілдірілген аспектілері, авторлар үшін қосымша дағдылар. Курстарды өз бетінше аяқтап, емтихан тапсырғаннан кейін сертификат алу қарастырылған. Сондай-ақ, платформада Wiley компаниясының вебинарлар кестесімен танысуға болады. 

   Платформаға толық қол жеткізу үшін университеттің IP-мекен-жайы бойынша тіркелу қажет.  Тіркелгеннен кейін кіру зерттеушінің профилі арқылы тегін.  

   Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жазылымында ҒЖБМ ұлттық жазылымы мен Open Access құрамына кіретін «Wiley Online Library» ДБ-ның ғылыми журналдарына қолжетімді екенін хабарлаймыз.