«УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫ ОНЛАЙН» ЭКЖ СЕМИНАРЫ

2017 жылдың 20 қарашасында ғылыми кітапханада «Қазақстан Республикасының электрондық білім беру ортасы үшін Ресейдің ЭКЖ-сі» халықаралық семинары өтті. «Директ-Медиа» компаниясы «Университет кітапханасы онлайн» электронды-кітапханалық жүйесін таныстырды. Компанияның жетекші мамандары О.В. Молодецкий және А.В. Севастьянов өздерінің презентацияларында XXI ғасырдың білім беру порталы – «Университет кітапханасы онлайн» электрондық кітапханалық жүйесін таныстырды. Оған білім беру және ғылыми әдебиет процесстерін ақпараттық қамтамасыздандыруға арналған бірқатар электронды ресурстар кіреді. Баяндамашылар ЭКЖ ресурстары мен мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырып, семинар қатысушыларын ақпараттық білім беру ортасы: электронды жазылымды қолдануға болатын кітапханашы кабинеті, оқытушыға арналған тиімді оқыту және зерттеу құралдары элементтерімен таныстырды. «Директ-Медиа» электрондық білім беру ресурстарының артықшылықтары ерекше атап өтілді. Аудиторияны кітапханашылар мен мұғалімдерге арналған қашықтан оқыту мүмкіндігі, сондай-ақ, Moodle білім беру ортасына интеграция мүмкіндігі қызықтырды. Электронды ресурс мүмкіндіктерімен толығырақ танысу үшін семинар қатысушыларына уақытша тесттік қолжетімділік мүмкіндігі берілді. Семинарға 70 астам адам қатысты. Оның ішінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары, ҚазГЗУ, Астана, Ақтөбе, Көкшетау қалаларының жоғары оқу орындары мен колледж кітапханаларының жетекшілері мен жетекші мамандары. Семинар сертификат тапсыру рәсімімен аяқталды.