EBSCO КОМПАНИЯСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР

2017 жылдың 22 қарашасында ғылыми кітапханада EBSCO компаниясының ақпараттық ресурстары бойынша презентация өтті (https://www.ebsco.com). EBSCO компаниясының Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға бойынша аймақтық өкілі Iryna Krejcarova Астана, Көкшетау және Ақтөбе жоғары оқу орындары кітапханаларының мамандарына EBSCO дерек қорларының ішіндегі «Academic Search Ultimate» мәліметтерімен таныстырды. Ғылыми жұмыс үшін бұл электронды коллекция ағылшын және басқа да шет тілдеріндегі бірнеше мың толық мәтінді ғылыми журналдарды біріктіреді. Оның ерекшелігі АҚШ аумағында ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де жарияланған құжаттар бар. Сондай-ақ, EBSCO дерекқорларының ғылыми және оқу үдерісін ақпараттық қамтамасыз етудегі іздеу және функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді. Презентация барысында белгілі бір университет кітапханасына арналған бірыңғай іздеу интерфейсінен қарапайым және көп функционалды ақпараттар жиынтығына қол жеткізуге болатын EBSCO Discovery Service (EDS) жүйесі таныстырылды. EBSCO компаниясы өз өнімдері мен қызметтері пайдаланушыларына қолдау көрсетуге үлкен көңіл бөлетіні белгілі. Осыған байланысты Iryna Krejcarova  семинар қатысушыларын  қашықтан оқыту мүмкіндіктерімен таныстырды (онлайн тренингтері мен вебинарлар). Ғылыми кітапхананың қолданушылары университеттің студенттері мен профессорлары EBSCO-ның екі дерекқорын – Academic Search Complete, eBook Academic Collection және EDS жүйесін қолдану мүмкіндігі бар. Презентация аяғында семинар қатысушылары электронды ресурсқа қолжетімділікті ұйымдастыру сұрақтарына жауап алды.