WILEY 12 ҚАРАША 2019

 Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ғылыми кітапханасында университеттің ғылыми қауымдастығына арналған әлемдегі ең көне және ең ірі академиялық баспалардың бірі John Wiley & Sons баспасының «Wiley Online Library платформасы: мақалаларды жариялау үшін ғылыми ақпараттар мен журналдарды іздеу» тақырыбында семинары өтті.  Іс -шараға 50 ден астам докторанттар мен жас ғалымдар қатысты.
Wiley-дің Ресей мен ТМД-дағы өкілі х.ғ.к., Сергей Парамонов қатысушыларды баспаның бай тарихымен, ғылым мен жоғары білім үшін арналған шешімдер жинағымен және ерекше жинақталған  контентімен таныстырып өтті. Баспа барлық білім салалары бойынша материалдарды жариялайды. Қазіргі уақытта компания  21 000 астам ғылыми кітаптарға, +1 500 ғылыми журналдарға және т. б. дерек көздеріне ие.
Аталған базаға жазылу аясында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде үстіміздегі жылдың 15 қарашасынан бастап техникалық, жаратылыстану және инженерлік ғылым салалары бойынша Wiley журналдарының кең топтамасы – қазіргі уақытта шығарылатын журналдардың 500-ге жуық атауы + мұрағатымен қолжетімді болады. Баспасының журналдарында 450-ден астам Нобель сыйлығының лауреаттары жұмыстарын жариялаған. Жыл сайын Wiley журналдары жоғары сілтеме мен импакт-фактор көрсеткіштеріне ие болуда және көптеген басылымдар Clarivate Analytics – Journal Citation Reports базасында жетекші орынға ие. Қол жетімді контент мысалында платформадағы ақпарат іздеуді тәжірибелік көрсету, мақалаларды жариялау үшін Wiley журналын таңдау және «қолжазбадан жарияланымға дейін» іс-әрекет алгоритмі көрсетілді, ғылыми мақалаларды жазу аспектілерін және ғылыми журналдардың редакцияларымен өзара әрекеттесуді қоса алғанда, ғылыми коммуникацияның негізгі мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, қатысушылар авторларға арналған порталмен танысты – Wiley Author Services https://authorservices.wiley.com/.
Кітапхана сайтында https://kitap.enu.kz/  орналастырылған Wiley Online Library  платформасына https://onlinelibrary.wiley.com/ сілтемесіне өту арқылы университеттің интернет-желісі ішіндегі кез келген компьютерден қол жеткізуге болады.
Аталған іс-шараның презентациясы келесі сілтеме бойынша 2019 жылдың 15 қарашасына дейін қолжетімді: : https://drive.google.com/open?id=1pzGwnSxmJD4L1ynoG5-RSZ9wrfzQa-iW