ӨШПЕЙДІ ЕШҚАШАНДА ФАРИЗА АТЫ

Ағымдағы жылдың 13 қарашасы күні, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, заманымаздың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай, «Қазақтың аяулысы, перизаты, Өшпейді ешқашанда Фариза аты!»  атты еске алу кеші өтті. Кешті ұйымдастыруға филология факультетінің студенттері белсенділік танытып, айтарлықтай ат салысты. Сөйтіп, филология факультетінің Хасенова Диана, Али Бекмухамбетов, Нариманова Асыл, Аружан Мендіғали, Айжан Алқабек, Айнамкөз Тілекпергенқызы, Қаршыға Айым, Жайна  Алимова, Шырын Бейсенбекова сынды студенттері, поэзия кешінде ақын өлеңдерін оқып, қойылым көрсетті. Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті Есмағанбетов Рамазан өзінің «Фаризаға арнау» – атты өлеңін оқыды. Әнші, өнерпаз Талант Манат – «Жасай бер қазағымның Фаризасы» – атты әнін айтып берді. Университеттің ғалымдары Оңайгүл Тұржан, Мырзагелді Кемел сынды жақын дос-жарандары, сондай-ақ Априза Құсайынова, баласы Алмас Оңғарсынов, оның азаматтық тұлғасы, адами болмысы, шығармашылық ерекшеліктері жайлы толғанысты естеліктермен бөлісті. Кеш қонақтарының атынан, Мырзакелді Кемел ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, филология факультетінің белсенді студенті Фариза Мүсілімге батасын беріп, Фариза Оңғарсынова жайлы жазған «Мейірім» атты кітабын сиға тартты. Кешке студенттермен қатар поэзия-сүйер өзге де қауым қатысып, кеш соңында естелік фотосуретке түсті.