Scopus базасына кіруді шектеу

Құрметті зерттеушілер!!!

Scopus үшін Elsevier-дің ҚР БҒМ Ғылым комитетімен келісімінің қолданылу мерзімі аяқталды. Scopus уәкілетті пайдаланушылары шектеулі қол жетімділікке ие болады:  профильді көру мүмкіндігі қалады, өз құжаттарыңыздың алғашқы беттері, журналдардың рейтингтері мен көрсеткіштерін қарау.
Сондай-ақ, деректерді SciVal (халықаралық ғылыми зерттеулерді бақылау және талдау үшін онлайн-платформа) арқылы қарауға болады. Scopus-тағы логин мен парольды пайдалану арқылы. ЕҰУ-де SciVal желісіне 2022 жылдың 14 маусымына дейін қол жетімді.