Профессор Серік Негимовтың сыйы

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің  профессоры,    филология ғылымдарының докторы, Серік Негимов өзінің жеке коллекциялық қорынан 70-тен астам данасын ғылыми кітапханаға сыйға тартты.

Осы кітаптардың ішінде автордың — 2022 жылы Мәскеуде жарыққа шыққан «Мәлік Ғабдуллин» деректі-филологиялық зерттеуі ерекше орын алады.

Кітапта Кеңес Одағының Батыры, филология ғылымдарының докторы, профессор, халық әдебиетінің жазушысы, әскери мемуарист Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалған. Оның балалық шағы, студенттік және аспиранттық өмірі көркем суреттелген. Ғалым Серік Негимов батырдың  Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеуді қорғаудағы батылдығы мен әскери қимылдарын

замандастарының естеліктері негізінде тереңінен ашып көрсеткен. Автордың бұл шығармасы бірде-бір оқырманды бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз.