Сөз зергері  

 15 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, заңғар жазушы, драматург, публицист Ғабит Мүсіреповтің  өмірі мен көп қырлы шығармашылығына арналған «Сөз зергері» атты әдеби кеш өтті. Шара барысында  жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді.

Оқырмандарды жазушы шығармалары  арқылы туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, қаламгердің ұрпағына қалдырған көркем шығармаларын оқи білуге шақыру мақсатында  өткізілген бұл шараға физика-техникалық, филология, журналистика және саясаттану факультеттерінің студенттері  Ақбота Белдеуханқызы, Ерсайын Мұхтарұлы, Ақбер Қуаныш, Ерлан Төлеутай, Сырым, Жанерке Тулепбергенова, Аймара Балтабаева белсене атсалысты. Қаламгер шығармаларынан  үзінді оқылды, күй шертілді.

Еркебұлан Әуелбек, Нұрзат Асылханқызы, Марат Бауыржан, Бейсенғали Айсер «Өлімді жеңген ана» шығармасынан қойылған көрініске белсене қатысып, керемет шеберлік  көрсетті.