Жас зерттеушілерге арналған ғылыми-әдістемелік семинар

2023 жылғы 15 ақпанда Ғылыми кітапханада Ғылым департаментінің, Ғылыми кітапхананың және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бірлескен ғылыми-әдістемелік семинары on-, offline форматында өтті, оған 200-ден астам жас зерттеушілер қатысты.
Іс-шараның басында Elsevier Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша консультанты Рабига Хожамкул Scopus халықаралық ғылымиметриялық деректер базасының презентациясын өткізді, нақты мысалдармен жас зерттеушілерге табысты жарияланымды дайындау үшін осы платформамен жұмыс істеудің негізгі тұстарын көрсетті. Сонымен қатар, Elsevier баспасының академиялық ресурстарын қысқаша қамтып өтті. Бұдан әрі, Ғылыми кітапхана, «Ғылыми зерттеу жұмыстарын және институционалды репозиторийді қолдау бөлімінің» басшысы Айнагүл Айтуарова зерттеушілерге көмектесу үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың жазылым жинақтарындағы әлемдік академиялық баспалардың толық мәтінді лицензиялық электрондық ресурстарын ұсынды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы Ольга Васильевна Лошкарева ҒЗЖ-дағы жаңалықтар туралы айтып берді. Спикер докторанттардың ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру және зерттеу тақырыптарын, ғылыми консультанттарды бекіту/қайта бекіту жөніндегі сұрақтарына толық және мазмұнды жауап берді.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылым департаментінің директоры Алма Болатқызы Закирова мен Ғылым және ғылыми кадрларды аттестаттау басқармасының бастығы Мансия Арынбекқызы Кантурееваның «»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік актінің ережелерін түсіндіру, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 7 бұйрығы» атты тақырыбы Семинарға қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Спикерлер қойылған барлық сұрақтарға барынша толық жауап берді, әрі қарай бірігіп жұмыс істеу мақсатында зерттеушілер тарапынан ұсыныстар қабылданды.