«Ғұмыр – дастан» кітабының тұсау кесері.

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы  ЕҰУ ғылыми кітапханасында профессор, академик, қоғам қайраткері, ұлттық құндылықтардың жаршысы – Наурызбай Жұмағали Жөкейұлының «Ғұмыр-дастан» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға ғалымның әріптестері, замандас достары, шәкірттері қатысып, еңбек жолы, шығармашылығы, азаматтық болмысы туралы тұжырымды естеліктерімен бөлісті.

Кітаптың шығуына мұрындық болған Жұмағали Жөкейұлының жұбайы Жанат Әбдіғұлқызы қайраткердің өмір жолынан сыр шертіп,  ұрпаққа өнеге болатын өлеңдер мен мақалалар, естеліктер жазылған «Ғұмыр-дастан» кітабын кітапханамыздың қорына  тарту етті.

Кітап барша оқырман қауымға арналады.