«СТУДЕНТТІК ӨМІРІМНІҢ СӘТТЕРІ» фотобайқау

Құрметті студенттер!

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасы Сіздерді «Кітап білім бұлағы» атты кітап апталығы аясында өтетін «Студенттік өмірімнің сәттері» тақырыбындағы фотобайқауға қатысуға шақырады.

Мақсаты: Студенттердің фотосурет өнеріндегі шығармашылық шеберлігін арттыру.

Фотобайқауға суреттер 3 номинация бойынша қабылданады:

  1. «Студенттік өмір» номинациясы – студенттердің университетте, кітапханада, студенттер үйінде, сабақ кезінде және күнделікті өмірін бейнелейтін фотосуреттер.
  2. «Студенттер ғылым әлемінде» – студенттердің ғылыми зерттеулерін, зертханалық жұмыстарын және конференциялар мен семинарларға қатысуын көрсететін фотосуреттер.
  3. «Студент және кітап» – студенттердің бос уақытында үйде, қоғамдық орындарда және табиғат аясында кітап оқып отырған сәтінен фотосуреттер.

Фотосуреттер осы жылдың 15 сәуіріне дейін, А3 форматында ғылыми кітапхананың 108 кабинетінде қабылданады (А. Пушкин көшесі, 11). Жұмыстарыңызға толық аты-жөніңізді, факультет, курс және байланыс телефонын және суреттің атауын көрсетіңіз.

Үздік жұмыстар көрмеге қойылып, кәсіби әділқазылар алқасы әр номинация бойынша ең үздік суреттердің жеңімпазын анықтайтын болады.

Байқау қорытындысы 24 сәуірде жарияланады. Жеңімпаздар алғыс хаттармен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Өзіңіздің талантыңызбен және шығармашылығыңызбен бөлісіңіз!

Жұмыстарыңызды күтеміз!

 

Ақпарат алу үшін:

Найманбаева Құндыз Балғабайқызы – ғылыми кітапхананың бас маманы.

Тел.: 8-707-945-69-93